Кітапхана қоры
Кітапхана каталогы
Қор, жыл, тіл және құжат түрі бойынша сүзгілермен кітапхана каталогының жазбаларын іздеңіз және қараңыз.
Университеттің академиялық материалдарын шолу.
Кеңейтілген іздеу
Ұлы Гэтсби
«Ұлы Гэтсби» романы арман қуған жас жігіттің алдына қойған мақсатқа жету жолында қажырлы еңбегімен жеткен жетістіктерін баяндайды. Қол жеткізген жетістігінің бәрін сүйіктісіне арнаған Гэтсби онымен қол ұстасып, бақытты болғысы келеді. Ол шын мәнінде сағым қуып жүргенін түсінбейді. Оқырман бұл романды оқи отырып, өткеннің қайта оралмайтынына көз жеткізеді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
A colletion of English Grammer Exercises for Non Language Majors
English қазақша русский
Абайдан сонғы арыстар
Абайдан соңғы арыстар» — қазақ халқының даңқты перзенттерінің елінің тәуелсіздігі үшін күрескен кзеңін суреттеуге арналған эпикалық роман-трилогия. Баршаға мәлім, «Алаш» өкіметі 1918 жылдың жазында Орынбор қаласынан Семейге қоныс аударады. «Алаш» өкіметін қазіргі Абай ауданының Шаған өзенінің бойында қарсы алу салтанаты болады. Оған Қызылжар, Қараөткел, Қарқаралы, Көкшетау, Кереку, Сергиополь, Зайсан мен Өскеменнің ел басшылары қатысады. Романда «Алаш» басшылары Әлихан мен Ахмет, Жүсіпбек, Халел, Әлімхандардың сол кезеңдегі іс-әрекеттері жан-жақты суреттеледі. Шәкәрім, Абай баласы Мекайіл, Мұхтарлар да барлық оқиғаларға тікелей араласып отырады. Автор бұл еңбегінде халқымыздың ардагер ұлдарының асқақ бейнесін әр қырынан сомдап, жұртшылы
Абайдың жумбағы
Танымал жазушы Рамазан Тоқтаров өзінің «Абайдың жұмбағы» атты романында ұлы ақынның туғанынан бастап дүниеден өткеніне дейінгі тұтас бір дәуір панорамасын жасауды мақсат еткен. Романда Абай өмірінің сан салалы қоғамдық, әлеуметтік көріністері кең қамтылып, айшықты көркем тілмен бейнеленген. Автор ұлы Абайдың әдеби бейнесін толымдырақ етіп жеткізу үшін қамтылмай келе жатқан жайттарға, ақын өмірінің әлі ашылмаған қырларына бойлап, уақыт тасалаған шындыққа бүгінгі заман көкжиегінен көз жібереді. Романда оның әйгілі тұстастары, қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов пен ғұлама жазушы Ф.М. Достоевскийдің Семей қаласында бас қосқан жылдары, сондай-ақ Абайдың өз ақын шәкірттерін тәрбиелеу бағытында сіңірген ғибратты істері де баяндалады. Қалың оқырман жылы қабылдаған бұл туындыны зерттеушілер жаңа дәуірдегі әдебиетімізге қосылған сүбелі үлес деп таниды. Шынайы суреткердің шеберлігін танытқан шығарманың көркемдік дәрежесі жоғары, тілі бай. Кітап көпшілік қауымға арналған.
Адамды сүй
Азаматтыққа адалдық
Аса көрнекті әдебиет сыншысы, ғалым, философ, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Сағат Әшімбаевтың бұл жинағына туған әдебиетіміз жайлы сын еңбектері мен ойтолғаныстары, адам бойындағы азаматтық пен адамгершілік сияқты ізгі қасиеттер туралы әр жылдары жазылған мақалалары іріктелініп алынды. Қазақ әдебиетінің ұзақ жылдар бойы жүріп өткен жолы жайлы тағылымды сыр шертетін бұл тамаша еңбектер кеше қандай қажет болса, бүгін де сол мән-маңызын, өміршеңдігін жойған жоқ.
Ай мен Айша
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романына қазақ елінің тарихи мекендерінің бірі Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылында туып-өскен Барсхан деген баланың өмірі арқау болған. Ал шығармадағы негізгі кейіпкер — Барсханның анасы Айша. Күйеуі Мұртаза тұтқындалғаннан кейін үш баласымен қалып, колхоздастыру науқанының құрбаны болған Айша ана арсыздықпен арпалысып, балаларының болашағы үшін күреседі. Айшаға күш беретін — Жаратушы, ал оны жұбататын — аспандағы Ай. Автор Ай мен Айшаның арасында тамаша рухани байланыс орнатқан. Кітап көпшілік оқырманға арналған.