Жаңалықтарға оралу
Жаңалық 1 мин. оқу

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Білім күніне орай Ғылыми кітапхана «KAZUTB-ға қош келдіңіз!» іс-шарасы аясында кітап көрмесі мен «Ойлан, тап!» викториналық ойынын ұйымдастырды.

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті оқырмандар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім күніне орай университетте ұйымдастырылған «KAZUTB-ға қош келдіңіз!» іс-шарасы аясында Ғылыми кітапхана кітап көрмесін өткізді.

Көрмеге көркем әдебиет, танымдық және психологиялық кітаптар, сондай-ақ университет оқытушыларының ғылыми еңбектері қойылды. Келушілер көрмедегі әдебиеттермен танысып, кітапхананың білім мен ізденіс жолындағы рөлі туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар «Ойлан, тап!» викторинасы өткізіліп, жеңімпаздарға кітаптар сыйға тартылды.

Баршаңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймыз! Білім жолындағы ізденістеріңіз жемісті болып, жаңа оқу жылы толағай табыстарға толы болсын!

Сіздерді Ғылыми кітапханада күтеміз!

Тегтер: Жаңалық