Return to News & Announcements
News update 1 min read

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Білім күніне орай Ғылыми кітапхана «KAZUTB-ға қош келдіңіз!» іс-шарасы аясында кітап көрмесі мен «Ойлан, тап!» викториналық ойынын ұйымдастырды.

Ғылыми кітапхана қызметкерлері Білім күніне арналған кітап көрмесінде
Ғылыми кітапхана қызметкерлері Білім күніне арналған кітап көрмесінде

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім күніне орай университетте ұйымдастырылған «KAZUTB-ға қош келдіңіз!» іс-шарасы аясында Ғылыми кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге көркем әдебиеттер, танымдық және психологиялық кітаптар, сондай-ақ университет оқытушыларының ғылыми еңбектері қойылды. Келушілерге көрмеге ұсынылған әдебиеттер таныстырылып, кітапхананың білім мен ізденіс жолындағы маңызы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар «Ойлан, тап!» викториналық ойыны өткізіліп, жеңімпаздарға кітаптар сыйға тартылды.

Баршаңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймыз! Білім жолындағы ізденістеріңіз жемісті болып, жаңа оқу жылы толағай табыстарға толы болсын!

Сіздерді Ғылыми кітапханада күтеміз!