1Жалпы ережелер
Ғылыми кітапхананы кімдер пайдалана алады және тіркелу тәртібі.
- Ғылыми кітапхананы пайдалану құқығы университеттің студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және профессор-оқытушылар құрамына беріледі.
- Ғылыми кітапханаға тіркеу жеке куәлік немесе студенттік билет негізінде жүзеге асырылады. Оқырманға оқырман билеті беріледі.
2Беру және қайтару
Ғылыми кітапхана материалдарын уақытша пайдалану тәртібі.
- Кітаптар мен оқу-әдістемелік материалдар ғылыми кітапхананың абонемент бөлімі арқылы уақытша пайдалануға беріледі.
- Абонемент бойынша алынған әдебиет белгіленген мерзімде ғылыми кітапханаға қайтарылуға тиіс.
3Оқу залында пайдалану
Абонементке берілмейтін материалдар.
- Сирек қор басылымдары, диссертациялар, анықтамалық әдебиет және мерзімді басылымдар абонементке берілмейді және тек ғылыми кітапхананың оқу залында пайдаланылады.
4Оқырмандардың міндеттері
Қорға ұқыпты қарау және кітапханадағы тәртіп.
- Оқырмандар кітапхана материалдарына ұқыпты қарауға, оларды бүлдірмеуге, оларға жазба жазбауға және беттерін жыртпауға міндетті.
- Ғылыми кітапханада қоғамдық тәртіпті, тыныштықты сақтау және кітапхана қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау қажет.
5Жауапкершілік
Қайтару мерзімі бұзылғанда, материалдар жоғалған немесе бүлінген және Ережелер бұзылған кездегі шаралар.
- Қайтару мерзімі бұзылған жағдайда оқырманға осы Ережелерге сәйкес жауапкершілік шаралары қолданылады.
- Алынған материалдар жоғалған немесе жарамсыз күйге келтірілген жағдайда оқырман олардың құнын өтеуге міндетті.
- Осы Ережелерді бұзғаны үшін оқырманға кітапханалық қызмет көрсетуді уақытша шектеу немесе тоқтата тұру шаралары қолданылуы мүмкін.