Тілдер әлемді біріктіреді» атты мәдени-танымдық іс-шара
2026 жылғы 10 қыркүйекте «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдер әлемді біріктіреді» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.Іс-шара аясында 1–2 курс студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түрл...
2026 жылғы 10 қыркүйекте «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдер әлемді біріктіреді» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.Іс-шара аясында 1–2 курс студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі шығармашылық қойылымдар ұсынылды.Шара соңында ғылыми кітапхана көрнекті ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен ғылыми-ағартушылық мұрасына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме Астана қаласындағы № 2 көпшілік кітапханамен жасалған ынтымақтастық туралы келісім аясында бірлесіп өткізілді.№ 2 көпшілік кітапханасының меңгерушісі Ұлмира Айдарбековна мен ғылыми кітапхана қызметкерлері көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасап, олардың мазмұны мен маңызын көпшілікке таныстырды.Көрмеге 80-нен астам кітап қойылды. Экспозицияда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері мен әдеби шығармалары, тіл білімі мен ағарту саласына қосқан үлесін айқындайтын басылымдар, сондай-ақ ғалымның өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған әдебиеттер оқырман назарына ұсынылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – ғалымның ғылыми және рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның ұлттық ғылым мен мәдениеттің дамуына қосқан тарихи үлесін таныту, сондай-ақ оқырмандардың танымдық қызығушылығын арттыру.