Жаңа оқу залының салтанатты ашылу рәсімі өтті
2026 жылғы 24 қыркүйекте университетімізде жаңа оқу залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынды академиялық мәселелер жөніндегі проректор Аскарбеков Э.Б. ашып, жаңа оқу залының студенттер мен оқытушылар үшін маңыздылығына тоқтал...
2026 жылғы 24 қыркүйекте университетімізде жаңа оқу залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты жиынды академиялық мәселелер жөніндегі проректор Аскарбеков Э.Б. ашып, жаңа оқу залының студенттер мен оқытушылар үшін маңыздылығына тоқталды.
Мерейлі іс-шараға университетіміздің декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Кездесу барысында ұлттық өнеріміз дәріптеліп, рухани құндылықтарымызға құрмет көрсетілді.
📖 Іс-шара аясында Жастар ісі жөніндегі басшы Қалменов Б.Н. ғылыми кітапхана қорына 50 дана көркем әдебиет кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар Дизайн кафедрасының оқытушысы Абдыкаримова Ш.Т. өз еңбектерін кітапхана қорына табыстады.
Кітапхана қорын толықтыруға үлес қосып, білім мен руханиятты дамытуға қолдау көрсеткен жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жаңа оқу залы білім алушылар мен оқытушылар үшін ізденіс пен білімнің, шығармашылық пен рухани дамудың ордасына айналсын!